Аралас жекпе-жектің қазақстандық шебері Дамир Төленов 30 секундта жеңіскежетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Vesti.kz сілтеме жасап.
19 ақпанда ол ең жеңіл салмақта OCTAGON лигасы чемпионы атағын қорғады. Бұл жекпе-жек Алматыда өткен OCTAGON 41 турнирінің басты айқасы болды.
Жеңіліп көрмеген Төленовтің қарсыласы тәжікстандық Шерзод Ибодилоев еді. Дамир қарсыласын бірінші раундта-ақ 30 секундта нокаутқа түсірді, Ибодилоев үшін бұл ММА-дегі алғашқы жеңіліс.