Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Норвегияның жағажай гандболынан әйелдер құрамасына айыппұл салынды. Оған Еуропа чемпионатында споршы қыздардың бикини емес, «шорты» киіп келуі себеп болған.
Бұл туралы BBCRussian хабарлады.Өткен дүйсенбіде Еуропа чемпионатында Норвегияның жағажай гандболынан әйелдер құрамасы осы спорт түрі бойынша бекітілген бикини киіп шығудан бас тартқан.
Қола медаль үшін дода Болгарияда өтті. Жарысқа испаниялықтарға қарсы шыққан норвегиялық спортшылар әдеттегі бикинидің орнына қысқа «шорты» киіп келген.
10 қатысушының әрқайсысына спорт түріне сәйкес келмейтін киім киіп келгені үшін 150 еуро штраф салынды.
Гандбол бойынша халықаралық федерацияның талаптарына сәйкес әйелдер жарысқа денеге жабысып тұратын бикини киіп шығуы тиіс. Бикинидің екі жағындағы тігістер 10 см-ден аспауы керек.
Ал спорттың бұл түрінде ер адамдарға талап етілетін киім түріне қатаң қарамаған. Олардың қысқа шалбарлары тым бос тұрмауы керек, ал ұзындығы тізеден кем дегенде 10 см жоғары болуы қажет.
Норвегияның гандбол федерациясының басшысы Коре Гайра Лионың сөзінше, оның ұйымы 2006 жылдан бері әйелдердің гандболды қысқа бикинимен ойнауына қарсылық көрсетіп келе жатыр. Алайда оған ешкім құлақ аса қоймаған. Бұл жылы ол спортшы қыздарға қолдау көрсету туралы шешім қабылдап, оларға салынған айыппұлды өзі төлемек.
Негізі әркімде таңдау еркіндігі болуы тиіс. Ең бастысы атлеттерде олар үшін ыңғайлы экипировка болды, - деді Лио.
Команда құрамына елдің басқа да спортшылары мен саясаткерлері де қолдау білдірді.
Команданың көптеген қатысушысы бұл спорт түрінде құмның үстінде оқыс қимылдар көп жасалатындықтан, бикини ыңғайсыз киім екенін атап өтті. Айтуынша, ыңғайсыздық салдарынан спортшылар ойынға ден қоя алмай қалады.
НГФ басшысы өз сөзінде киім стандарттарына байланысты әйелдер бұл спорт түрінен қашқақтайтынын айтады.
Гандбол бойынша халықаралық федерацияның өкілі Джессика Рокстро әйелдерге арналған формаға неліктен бұлай шарт қойылғанын білмейтінін айтып өтті.
Ал оның әріптесі Эндрю Бэрринджердің сөзінше, ГХФ бұл мәселені қатысушы-елдермен бірлесіп талқыға салады, алайда өзгеріс енгізу үшін барлығы ГХФ деңгейінде болуы керек.
Айта кетейік, бұл жерде норвегиялық спортшылар жабық киінгені үшін айыппұл арқаласа, британиялық спортшы, паралимпиадашы Оливия Бринді тым ашық киінгені үшін сөккен.