«Челси» 16 жастағы қазақстандыққа айына 9 миллион теңге төлейді

16 Ақпан 2025, 20:11
288
Бөлісу:
«Челси» 16 жастағы қазақстандыққа айына 9 миллион теңге төлейді
Фото: ҚФФ

Қазақстандық жас футболшы Дастан Сәтпаев әйгілі «Челси» футбол клубымен келісімшартқа қол қойды. Оның жалақысы айына 14 мың фунт стерлингті (шамамен 9 миллион теңге) болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Sports.ru басылымының мәліметінше, команда Сәтпаевпен бес жылдық келісімшарт жасасқан, сондай-ақ оны тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған. Жалақысының 12 мың фунт стерлингі ата-анасының шотына аударылып, футболшы 22 жасқа толғанға дейін бұғатталатын болады.

Алматылық Дастан Сәтпаев 8 жасында «Қайрат» академиясына қабылданып, барлық дайындық кезеңінен өтті. Ал 2024 жылдың мамырында, 15 жасында, «Қайрат» клубының негізгі құрамында дебют жасаған ең жас ойыншы атанды.

Айта кетейік, «Қайрат» футбол клубының бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаевтың айтуынша, Дастан Сәтпаев «Челси» сапына 2026 жылы, 18 жасқа толған соң ауысады. Оған дейін жас футболшы «Қайрат» құрамында ойнауды жалғастырады.

Өзгелердің жаңалығы