Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Чехиядан бүгін төтенше жағдай енгізілді. Бұл туралы korrespondent.net жазды.
Бұған дейін елде коронавирустың таралауына байланысты төтенше жағдай 12 наурыздан 17 мамырға дейін енгізілген болатын. Бұл жолғы шектеулер 1 айға созылмақ.
Оның енгізілуі жөнінде бастама көтерген денсаулық сақтау министрі Роман Прымула төтенше жағдай министрлер кабинетіне эпидемиологиялық жағдай күрт төмендеп кетсе парламентке жүгінбей-ақ әлеуметтік-шектеулер енгізуге мүмкіндік береді дегенді алға тартқан.
Сонымен қатар, ол төтенше жағдай экономикаға әсер етпейтінін, өндірістік кәсіпорындар жұмысын жалғастырытынын атап өтті.
Ал ел президенті Милош Зиман халықты төтенше жағдайға түсіністікпен қарап, күрделі кезеңді бірлесіп еңсеруге шақырды.
Соңғы деректер бойынша Чехияда пандемия басталғалы бері 81711 адам COVID-19 инфекциясын жұқтырып, 722 адам көз жұмған. Қазіргі күні елде 37 мыңнан астам науқас ем алуда.