Чехияда жойқын торнадо болды

25 Маусым 2021, 12:37
1015
Бөлісу:
Чехияда жойқын торнадо болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Чехияның оңтүстік-шығысында, Словакия мен Австрия шекарасына жақын жерде қуатты торнадо бірнеше елді мекеннің барлық ауданын қиратты.

Бұл туралы www.bbc.com хабарлады.

Кем дегенде 300 зардап шегуші мен қаза тапқандар туралы хабарламалар келіп түсті.

Құтқарушылар зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсетіп, үйінділердің астынан адамдарды іздеп жатыр. Зардап шеккен аудандарда төтенше жағдай жарияланды.

Жылдамдығы сағатына 267-322 шақырымға жеткен жел Годонин қаласының бір бөлігін және жақын маңдағы ауылдардың бір бөлігін - Лужице, Грушки, Моравска Нова Вес және Микулчице жерлерімен теңестірді, - деп хабарлады жедел жәрдем өкілі Гедвика Кропачкова.

Өзгелердің жаңалығы