Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Чехияда президент сайлауының бірінші кезеңі аяқталды

16 Қаңтар 2023, 18:30
921
Бөлісу:

Чехияда президент сайлауының бірінші кезеңінде НАТО әскери комитетінің бұрынғы басшысы Петр Павел жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Оны дауыс берушілердің 35,4 проценті қолдаған. Қарсыласы экс-премьер Андрей БАбиш 35 процент дауыспен сәл ғана артта келеді. Ешкім 50 пайыздық межеден аса алмағасын қос үміткер сайлаудың екінші кезеңінде бағын сынап көреді. 

Шара 27-28 қаңтарда өтеді. Бірінші турға бұл екеуінен бөлек тағы 6 кандидат қатысқан. Олар 4-тен 13 процентке дейін дауыс жинады. Ал қазіргі президент МИлош ЗЕманның өкілеттігі наурызда аяқталады. 

Ол билікке 2013-ші жылы келген еді.

Өзгелердің жаңалығы