Чехияда президент сайлауының екінші туры аяқталып, отставкадағы генерал Петр Павел жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Екінші турда оның қарсыласы бұрынғы премьер-министр Андрей Бабиш болды. Петр Павел сайлаушылардың 58% дауысына ие болды. Ал Бабишқа дауыс бергендердің үлесі 42%.
Жеңіске жеткен кандидат наурыз айының басында инаугурациядан кейін қызметіне кіріседі.
Петр Павел қазіргі президент Милош Земанды алмастырады.
Чехияда президент сайлауының алғашқы туры 13-14 қаңтарда өтті. Сол кезде Павел мен Бабиш шамамен бірдей дауыс жинаған, бірақ екеуінің де жинаған дауысы 50 пайызға жетпеген.