Чехияның Пардубице қаласында RegioJet жолаушылар пойызы мен жүк пойызы соқтығысып, төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
МК басылымының мәліметінше, ондаған адам ауыр жараланған.
Қазіргі уақытта құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Қаза тапқандар саны артуы мүмкін, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ төтенше жағдайдың себебі анықталуда.
Апатқа ұшыраған жолаушылар пойызы Кошице, Словакия-Прага бағыты бойынша бет алғаны белгілі болды.