Чехияда індетке байланысты төтенше жағдай енгізілді

26 Қараша 2021, 20:19
680
Бөлісу:
Чехияда індетке байланысты төтенше жағдай енгізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өңірде коронавирус жұқтырғандардың күрт өсуіне байланысты төтенше жағдай режиміне көшті, деп жазды «Хабар 24». 

Жаңа тәртіп 30 күнге созылады. Осы уақыт аралығында рождестволық жәрмеңке, мейрамхана, дәмхана және түнгі клубтар кешкі 10-нан таңғы 5-ке дейін жабық болады. 

Мәдени және спорттық шараларға қатысатын адамдардың саны 1 мыңнан аспауы тиіс. Билік жасы 50-ден асқан азаматтарға және медицина қызметкерлері, өрт сөндірушілер, полицейлер, әскерилерге екпені міндеттеуді көздеп отыр. 

Шектеу шаралары адамдардың көп жиналып, вирусты жұқтыру жоғары саналатын орындарға бағытталған. Себебі оларды бақылау қиын. Мысалы Праганың ірі алаңдарындағы рождество жәрмеңкелеріне келушілер қарасы үнемі көп, - деді денсаулық сақтау министрі Адам Войтех. 
Өзгелердің жаңалығы