Чехияда эпидемияға қарсы талаптар өзгерді

10 Сәуір 2022, 10:15
1689
Бөлісу:
Чехияда эпидемияға қарсы талаптар өзгерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елдегі Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтында 9 сәуірден бастап республика билігі шетелден келген адамдарға эпидемияға қарсы талаптарды алып тастайтыны туралы мәлімдеді, деп жазды «Хабар 24». 

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың эпидемиологиялық жағдайын ескере отырып, сенбі, 9 сәуірден бастап республикаға келушілер үшін қолданылатын барлық эпидемияға қарсы талаптарды алып тастайды, – делінген құжатта. 

Ведомствоның мәліметінше, арнайы формулярды толтыру және шекара органдарына теріс ПТР сынағы, ковидпен ауырғандығы және коронавирусқа қарсы вакцинация туралы анықтама беру қажеттілігі алып тасталады.
 

Өзгелердің жаңалығы