Чехия мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 67 пайызға өсті

24 Сәуір 2023, 12:33
1075
Бөлісу:
Чехия мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 67 пайызға өсті
Фото: Артём Чурсинов

Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов Чехия-Қазақстан бизнес форумында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сөз басында Үкімет басшысы Қазақстан мен Чехия ерекше достық қарым-қатынаста екенін және екіжақты серіктестіктің негізі - сауда-экономикалық байланыс екенін атап өтті.

Чехия - Қазақстанның Еуропадағы маңызды сауда серіктестерінің бірі. Біздің елдеріміз арасында сауда көлемі қарқынды өсіп жатыр. Өткен жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы 67 пайызға өсіп, 423 млн долларға жетті. Бұл өсім биыл да жалғасын тауып отыр. Қаңтар-ақпан айында өзара сауда көлемі екі есе артты. Бұл үдеріс болашақта да артады деп ойлаймын. Бізде инвестициялық жобаларды іске асыру үшін барлық алғышарттар бар, - деді Әлихан Смайылов.

Премьердің мәлімдеуінше, соңғы 15 жылда Чехия компаниялары Қазақстан экономикасына шамамен 270 млн доллар инвестиция салған.

Бұл ретте инвестициялардың 5-тен бір бөлігі соңғы екі жылда салынды. Бүгінгі таңда ел аумағында 200-ге жуық Қазақстан-Чехия кәсіпорындары жұмыс істейді. Бұл көрсеткіш әлі де өседі деп ойлаймын. Біздің сауда-экономикалық байланысымыз жаңа тауар түрлерімен және бірлескен жобалармен нығайып келеді. Чехиялық ірі компаниялардың Қазақстандағы жұмысын жалғасытырып жатқаны қуантады, - деді Үкімет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы