Chanel сән үйінің креативті директоры Карл Лагерфельд қайтыс болды

19 Ақпан 2019, 19:01
2674
Бөлісу:
Chanel сән үйінің креативті директоры Карл Лагерфельд қайтыс болды

Астана,  BAQ.KZ. 86 жасқа қараған шағында әйгілі модельер Карл Лагерфельд Францияда дүниеден озды. Бұл туралы РИА Новости агенттігі хабарлады.

Карл Лагерфельд Гамбургте ауқатты банк қызметкерінің отбасында дүниеге келген.

Ол 1952 жылы Парижге көшіп келген. 1974 жылы Karl Lagerfeld Impression деп аталатын жеке киім желісінің негізін қалаған. 1983 жылы Chanel сән үйінің көркемдік жетекшісі болып тағайындалған. Сонымен қатар, ол Chloé, Fendi және тағы басқа да сән индустриясының лидерлерімен бірге қызмет істеген.

Сәнді киімнен бөлек, әртүрлі иіссуды ойлап тапқан. Олардың арасында Chloé, KL, Jako иіссулары бар, сондай-ақ әйгілі модельер кітап иісі бар иіссуды жасаған.


Өзгелердің жаңалығы