БЖЗҚ салымшыларының мүддесін қорғай алмай жатырмыз – сенатор

Бүгiн, 12:33
131
Бөлісу:
БЖЗҚ салымшыларының мүддесін қорғай алмай жатырмыз – сенатор
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Бұл туралы сенатор Сұлтанбек Мәкежанов "Зейнетақы активтерін басқарудың тиімділігі" тақырыбына арналған дөңгелек үстел барысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сенатор Ұлттық банктің атқарып жатқан жұмысына қатысты пікірін білдірді.

Ұлттық банкке қарсы уәж айтқым келеді. Батыс елдерімен бізді салыстыру соншалық дұрыс емес шығар. Сіз айтып отырған жаһандық зейнетақы индексінде инвестициялардың ақылға қонымдылығы бойынша 41 орында тұрмыз. Жылдар бедерінде қарасақ, бұл көрсеткіш жылдан-жылға нашарлап отырған. Бұл мәселені өкілетті орган да жылы жауып келеді. Неге нашарлап жатыр? Соған қарамастан Еуропа елдеріне қарағанда жағдайымыз жақсы деп қоямыз. Бұл жерде ойланатын дүние баршылық. Былтыр салған1,5 трлн теңге туралы айтқанда ел экономикасына инвестиция салуға ешкім тыйым қоймағаны түсінікті. Бірақ салымшылардың мүддесін қорғауға да ешкім тыйым қойған жоқ. Бастысы осы. Ұлттық банктің 1,5 трлн теңгені "Самұрық Қазына" мен "Бәйтерек" арқылы тиімді шығардық деген ұстанымымен келісе алмаймын,-деді сенатор.

Оның айтуынша, агроөнеркәсіпке кешеніне салынған 300 млрд теңге жақсы болғанымен, ол салада не болып жатқаны белгілі.

Расымен аграрларға көмектесіп жатқан шығармыз, бірақ салымшылардың мүддесін қорғай алмай жатырмыз, - деді Сұлтанбек Мәкежанов.

Өзгелердің жаңалығы