2022 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтары 13,97 триллион теңге болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл қаражаттың зейнетақы жарналары мен инвестициялық кірісті қамтитыны белгілі.
Зейнетақы жинақтарындағы инвестициялық табыстың үлесі жыл сайын өсіп келеді. Жалпы, 2014 жылдан бері Ұлттық банк қамтамасыз еткен таза инвестициялық табыс (БЖЗҚ-да барлық зейнетақы активтерін біріктіру үрдісінің аяқталуы) 6,7 трлн теңгеге жетті. Зейнетақы жинақтарында жинақталған таза инвестициялық кірістің үлесі жүзеге асырылған төлемдерді ескергенде 36,9% құрады.
2022 жыл геосаяси жағдайдың нашарлауы аясында қаржы нарықтарындағы жалпы тұрақсыздықпен сипатталды. Кезең басынан бастап инфляцияның өсуі және қаржы құралдарын нарықтық және валюталық қайта бағалауға байланысты оң да, теріс те көрсеткіштерді көрсететін зейнетақы активтері кірістілігінің құбылмалылығы байқалады.
Дегенмен, құралдар, салалар және валюталар бойынша портфельді әртараптандыру есебінен шілдеде өткен айлардың уақытша төмендеуін жапқан оң инвестициялық табыс алынды. Сегіз айдың қорытындысы бойынша салымшылар мен алушылардың шоттарына 694,7 млрд теңгеден астам инвестициялық кіріс түсті. Зейнетақы активтері бойынша Ұлттық Банкімен қамтамасыз етілген соңғы 12 айдағы кіріс (2021 жылдың қыркүйегінен 2022 жылдың тамызына дейін) 8,58% құрады.
Айта кету керек, зейнетақы жинақтары – бұл ұзақ мерзімді инвестициялар және инвестициялық табыстың мөлшерін кемінде 1 (бір) жыл кезеңінде талдау орынды. Қысқа мерзімді деректер (апта сайынғы, ай сайынғы және т.б.) – айқын нәтиже көрсетпейді, өйткені, ол нарықтың үнемі құбылмалылығына тәуелді.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған күннен бастап (1998 жыл) 2022 жылдың 1 қыркүйегіне инвестициялық кірістілік барлық кезеңдегі инфляция 632,79% болғанда өсу қорытындысымен 721,56% құрады.
Инвестициялық басқарудың және зейнетақы активтерін есепке алудың барлық жүйесі ашық болып табылады: әрбір салымшы өзінің инвестициялық табысын enpf.kz сайты немесе мобильді қосымшадағы Жеке кабинеттен көре алады.
БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі және БЖЗҚ зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат БЖЗҚ ресми сайтындағы (www.enpf.kz) «Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет» бөлімінде жарияланады.