Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі АҚ орталық филиалының директоры Матай Жансұлтан айтты.
Халықтың көпшілігі сайтта өтінімнің мәрбесі көрсетілмейтіні туралы айтып жатыр. Клиенттің жеке кабинетіндегі мәртебесінің атауы өзгере ме немесе «Бірыңғай жинақтауыш зейнетақы қорының қарауында» деген статуспен қала ма? Яғни клиент өтінімі мақұлданды немесе мақұлбанбады деген статус көрсетіле ме? Олардың өтініміне жауап қалай беріледі? – деп редакциямыз сауал жолдады.
«Бірыңғай жинақтауыш зейнетақы қоры қарауында» деген мәртебе шықса, яғни өтінім Зейнетақы қоры тарапынан қаралып жатыр деген сөз. Егер сіздің Зейнетақы қорына берген өтініміңіз дұрыс болмаса, онда сізге бірден кері жауап келеді. «Қаралып жатқан жоқ» деген. Яғни мұндай мәртебемен (тілші - Бірыңғай жинақтауыш зейнетақы қорының қарауында») тұрса, онда 5 жұмыс күнін күту керек.
Оның айтуынша, арнайы есепшотқа Зейнетақы қорынан ақша түскенше күту қажет.
Ақша түскеннен кейін порталға кірген кезде «Енді қажетті құжаттарды жүктеңіз» деген статус шығады. Яғни есепшоттағы ақшаның қайда жұмсалатынын растайтын құжаттарды жүктеу қажет. Оған дейін бұл статустан «қорқудың» қажеті жоқ. Тек қана 5 жұмыс күнін күту керек, - деп түсіндірді Матай Жансұлтан брифингте.