«БЖК-2025»: 10,3 млрд теңгенің гранты берілген

24 Тамыз 2021, 16:57
1909
Бөлісу:
«БЖК-2025»: 10,3 млрд теңгенің гранты берілген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Бүгінде ШОБ қалпына келу кезеңінде тұр. Жалпы экономикалық жағдай жақсарып келеді. Сәуірден бастап өсімге түстік. Өткен жылдың екінші жартысынан бастап 4 тоқсан бойы экономика рецессияда болды, - деді ол.
Жақсылықов атағандай, «БЖК-2025» бағдарламасы іске асырылған сәттен бастап 10,3 млрд теңге сомасына 4 155 мемлекеттік грант берілген.
162 млрд теңге сомасына бизнес жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу бойынша 930 жоба іске асырылды. «БЖК-2025» шеңберінде кәсіпкерлерді қаржылық емес қолдау болашақ және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді бизнесті жүргізуді оқыту мен консультациялық сүйемелдеу секілді жобалар кешенін қамтиды. Биыл қаржысыз қолдау шараларын іске асыруды қамтамасыз ету масқатында: сервистік қызметке 14 мыңнан аса кәсіпкерге (іске асырылғаннан бері 318 036) 16,5 мың теңге (іске асырылғаннан бері 535 575) берілді, - деді Тимур Жақсылықов.
Оның айтуынша, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында 41 мыңнан аса клиентке (іске асырылғаннан бері 690 432) 85 мың консультация (іске асырылғаннан бері момента 1 329 855) берілді.

Өзгелердің жаңалығы