Бюро қызметкерлері шетелде оқу мүмкіндіктерімен танысты

19 Ақпан 2025, 19:44
256
Бөлісу:
Бюро қызметкерлері шетелде оқу мүмкіндіктерімен танысты
PHOTO
Фото: Ұлттық статистика бюросы

Бүгін Бюрода "Болашақ" халықаралық бағдарламалар орталығының басқарма төрағасы Әділ Құсмановпен кездесу өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шара барысында "Болашақ" бағдарламасындағы маңызды өзгерістер, сондай-ақ шетелде білім алу және тағылымдамадан өту мүмкіндіктері талқыланды.

Бюро жетекшісі Мақсат Тұрлыбаев өзінің алғысөзінде мемлекеттік аппараттың тиімді жұмыс істеуі үшін қызметкерлердің білім алуы мен дамуының маңыздылығын атап өтті.

Бюро қызметкерлері шетелде оқу мүмкіндіктерімен танысты

Қызметкерлердің біліктілігін арттыру -­ Бюроның даму стратегиясының ажырамас бөлігі. Бүгінгі күні біздің қызметкерлеріміз аналитикалық құралдарды меңгеріп, шет тілі курстарынан өтті, М.В. Ломоносов атындағы ММУ арнайы бағдарлама бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өтіп, жұмысынан қол үзбей білім алып жатыр. Барлық қатысушыны оқу процесіне белсене араласуға және өз тәжірибесі мен білімімен бөлісуге шақырамын, – деді ол.

"Болашақ" халықаралық бағдарламалар орталығының басқарма төрағасы Әділ Құспанов стипендия үміткерлерін іріктеу ережелеріне енгізілген өзгерістерді таныстырды. Ол өз сөзінде үміткерлерді іріктеуді күшейтуге арналған жаңа әдістер мен талаптарға назар аударды.

Сондай-ақ кездесуге қатысушылар оқуға түсу үшін ең төменгі талаптармен, қажетті құжаттар топтамасымен және "Болашақ" бағдарламасына қатысу үшін өтінім беру үдерісімен танысты. Тыңдаушылар "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ өкілдерінен өз сұрақтарына толық жауап алды.

Өзгелердің жаңалығы