Бюджетті толтыру үшін жанармай бағасы қымбаттап жатыр

Бүгiн, 13:05
201
Бөлісу:
Бюджетті толтыру үшін жанармай бағасы қымбаттап жатыр
Фото: BAQ.KZ архив

Жанармай сатудан түскен қосымша табыс бюджетке бағытталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі "Бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, мұнай еріткішіне, жеңіл көмірсутектер қоспасына және экологиялық отынға арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі №173 қаулысына өзгеріс енгізетін қаулы жобасын әзірледі. 

Құжат ЖЖМ бағасына мемлекеттік реттеуді алып тастаған жағдайда жанармай өндірушілер мен сатушылардың қосымша маржиналдылығын 80%-ын бюджетке бағыттау мақсатында бензинге (авиациялықты қоспағанда) және дизель отынына қосымша акциздің мөлшерлемесін белгілеуді көздейді.

Осылайша, шара жанармай сатудан түскен қосымша табыстың 80%-ын бюджетке қайта бөлуге мүмкіндік береді. Бұл ретте қосымша акциздер ағымдағы деңгейден бағалар өскен кезде ғана пайда болады, - делінген ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы