Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ветеринарлық станция директоры мен есепшісі 62,9 миллион теңге бюджет қаржысын жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі.
Қыркүйек айында Шу аудандық сотының үкімімен «Шу ауданының Ветеринарлық станциясы» ШЖҚ КМК директоры Д. Тілемісов (ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы) - 8 жылға, мекеменің бас бухгалтері С. Аукешева (ҚК 189-б. 4-б. 2-т.) 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Олар іс жүзінде жеткізілмеген тауар-материалдық құндылықтар үшін үлестес компаниялардың шоттарына оларды негізсіз аудару жолымен, сондай-ақ өздеріне көтеріңкі жалақы, сыйлықақылар мен іссапар шығыстарын негізсіз аудару жолымен 62 954 936 теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру күдігіне ілінді, – деп жазылған ведомствоның баспасөз хабарламасында.