Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Бюджет қаражатын жымқырған шенеунік мемлекетке 3 млн теңгеден астам шығын келтірген

9 Сәуір 2025, 10:21
504
Бөлісу:
 Нұркен Алишев  - Архив
VIDEO
Фото: Нұркен Алишев - Архив

Ауыл шаруашылығы министрлігі департаменті директорының бұрынғы орынбасары жемқорлыққа қатысы бар деп күдіктелуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамда заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз ету, сондай-ақ жемқорлық фактілерінің жолын кесу жөніндегі жұмысты жалғастыруда.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Астана қаласы бойынша департаменті ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі Департаменті директорының бұрынғы орынбасарына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.

Ол аффилиирленген компанияны қызметтік көлікті жөндеуге заңсыз тартуға күдікті және ол арқылы бюджет қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырып, мемлекетке 3 млн теңгеден астам шығын келтіруге әкеп соқтырған,- делінген хабарламада.

Тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Өзгелердің жаңалығы