Бюджет қаржысы бір күндік фирмалар арқылы жымқырылған

21 Қыркүйек 2020, 14:20
1831
Бөлісу:
Бюджет қаржысы бір күндік фирмалар арқылы жымқырылған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «QAZYNA» жедел алдын алу шарасы аясында бір күндік фирмалармен байланысы бар 90-нан астам мемлекеттік сатып алу қызметін жеңіп алған мекемелер анықталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Қаржы мониторингі комитетінің профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасының аса маңызды істер бойынша тергеушісі Ерден Жұма мәлім етті. 

Оның айтуынша, бір күндік фирмалар арқылы 63 миллиард теңгеден астам қаржыны заңсыз аударылып, шешілген. Олардың жиырмасына қатысты қылмыстық іс қозғалып, қалғандары тексеруден өтуде.

Сондай-ақ, ол бюджет қаржысын жымқырған бірнеше шенеунікке қатысты қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті. Солардың қатарында Денсаулық сақтау экс-вице министрі Олжас Әбішев те бар. Ол ақпараттық жүйелерге арналған 500 миллионнан астам бюджет қаржысын мақсатты пайдаланбағаны үшін айыпталуда. 

Біздің болжамымыз бойынша, ол жұмыстар аяқталмағанын біле тұра, жұмыстың аяқталуы туралы актіге қол қойған. Сол арқылы төлем жасалған. Бүгінгі күні ол қабылдаған бірде-бір ақпараттық жүйе жұмыс істеп тұрған жоқ, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы