Былтыр Тәжікстанмен сауда айналымы 1,4 млрд долларға жетті

4 Мамыр 2023, 12:13
766
Бөлісу:
Былтыр Тәжікстанмен сауда айналымы 1,4 млрд долларға жетті
Фото: Артём Чурсинов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Тәжікстан ынтымақтастығының жалпы елдер үшін маңыздылығын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біздің елдер арасында бүкіл деңгейдегі сенімді саяси диалог орнатылды. Біз бірқатар халықаралық құрылым аясында ынтымақтасамыз бар және Орталық Азиядағы тұрақты даму мен қауіпсіздікті қамтамасыз етеміз. Түрлі саладағы 100-ден астам келісімді қамтитын берік шарттық-құқықтық базамыз бар. Бүгінгі таңда бұл тізім жаңа маңызды келісімдермен толығатын болады, - деді Президент.

Президенттің сөзінше, Қазақстан көп жылдар бойы Тәжікстанның екінші ірі сауда серіктесі.

Деректерге сүйенсек, өткен жылдың өзінде өзара сауда көлемі 1,4 млрд долларға жетті. Екіжақты күн тәртібін ілгерілетуге экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның, сондай-ақ тауар айналымын арттыру жөніндегі жұмыс тобының қызметі елеулі үлес қосуда. Олардың жұмысы Қазақстан-Тәжікстан іскерлік кеңесін тиімді толықтырмақ, - деді Мемлекет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы