2022 жылы Қазақстанға Қытайдан келген туристерден түскен табыс 16 млн долларды құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл 2021 жылмен салыстырғанда екі есе артық (8,9 миллион доллар).
Бұл ретте бір қытайлық турист Қазақстанға келген кезде орта есеппен 1000 доллар жұмсайды.
Қазақстан туристік дестинация ретінде бірқатар елдердің, соның ішінде ҚХР азаматтарының сұранысына ие. Қытайлық туристердің визасыз болу мерзімін 14 күннен 30 күнге дейін ұзарту бизнеске олардан көбірек пайда табуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, басқа елдерден саяхатшыларды тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде, – деп атап өтті «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарушы директоры Даниел Сержанұлы.