Былтыр инватакси қызметіне 207 мыңнан астам адам тапсырыс берген

Кеше, 15:09
182
Бөлісу:
Былтыр инватакси қызметіне 207 мыңнан астам адам тапсырыс берген
Фото: inva.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен ерекше қажеттіліктері бар адамдарға инватакси қызметін көрсету кезінде такси агрегаторларын пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде 2024 жылдың қорытындысы бойынша Астана мен Алматыда аталған қызмет 207,2 мың рет көрсетілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023 жылдың қорытындысы бойынша мүгедектігі бар адамдарға инватакси қызметі 53,9 мың рет көрсетілгенін еске саламыз.

Бұдан бұрын хабарлағандай, инватакси қызметінің сапасы мен көрсету жылдамдығын арттыру мақсатында Еңбекмині әкімдіктермен бірлесіп осы қызметтің тетігіне өзгерту енгізу туралы шешім қабылдады. Мысалы, азаматтарға қызмет алудан бір күн бұрын телефон арқылы жазылу қажет, бұл өз сапарларын алдын ала жоспарлауға, инватакси беруді күтуге мәжбүр етеді, инватакси қызметтерін ұсыну үшін көлік құралдарының жетіспеушілігі және т.б. мәселелер бар, - делінген ақпаратта.

Шарттарды жеңілдету үшін осы қызметті көрсетуге қатысуға тиісті сұраныс алған такси агрегаторларын тарту бойынша пилоттық жобаға бастама жасалды.

Мұндағы басты шарт сапарлардың ақысынан пайыздың болмауы, олар әдетте агрегатор платформаларының пайдасына аударылатын. Яндекс компаниясы пилоттық жобаға өтеусіз негізде қатысуға ниет білдірді.

Пилоттық жоба шеңберінде азаматтар Яндекс Go мобильді қосымшасы арқылы Инватакси қызметін қолдана алады. Бұл қызметті алушы үшін көлікті тезірек таңдауға, онлайн режимінде тапсырыс мәртебесін қадағалауға және жасалған сапарларға мониторинг жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Аталған қосымшада мүгедектігі бар адамдар жүргізушіге сапардағы ерекше қажеттіліктері туралы ескертуі үшін арнайы мүмкіндіктер экраны іске қосылды. Өз кезегінде, жүргізушілер адамды көлікке отырғызу және одан түсуде қалай көмек көрсетуге болатын секілді арнайы нұсқаулар алады, - деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Пилоттық жобаның бірінші кезеңінде Астана және Алматы қалаларынан мүгедектігі бар адамдардың фокус-тобы қатысты.

Биыл жобаны пилоттық режимде іске асыру жалғасады, еліміздің басқа өңірлеріне масштабтау жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы