Қазақстаннан былтыр 68,6 млн тонна мұнай экспортталды. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Министрдің айтуынша, экспорттың негізгі бөлігі Каспий құбыр консорциумы (КҚК) арқылы жүзеге асқан.
2024 жылғы мұнай экспортының негізгі бағыттары:
- Каспий құбыр консорциумы (КҚК) құбыры арқылы – 54,9 млн тонна;
- Атырау – Самара мұнай құбыры арқылы – 8,8 млн тонна;
- Атасу – Алашанькоу құбыры арқылы – 1,2 млн тонна;
- Ақтау порты арқылы – 3,6 млн тонна;
- Теміржол арқылы тасымалдау – 0,05 млн тонна.
Энергетика министрлігі 2025 жылы Қазақстан мұнай экспортын 70,5 млн тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отырғанын атап өтті.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев биыл мұнай өндірісі ұлғайтылатылып, Қазақстан 90 млн тоннаға жуық мұнай өндірдіргенін айтты.
Оқи отырыңыз: