Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Әділет министрлігі алқасының кеңейтілген отырысында вице-министр Азамат Әмірғалиев хабарлады. Оның айтуынша, Үкіметтің өткен жылғы заң жобалау жұмыстарының жоспары толық көлемде орындалды.
Мемлекет Басшысы жеті заңға қол қойды. 18 заң жобасы Парламенттің қарауында. Тоғыз мыңнан аса нормативтік құқықтық акт жобасына заң сараптамасы жүргізілді. Мемлекеттік органдардың жеті мыңнан аса актісі тіркелді. Нормашығармашылық процесті жетілдіру бойынша шаралар қабылданды, - деп атап өтті ведомство басшысы.
Сонымен қатар ол 2 мыңнан астам нормативтік құқықтық актінің тіркелгенін алға тартты.
Мемлекет Басшысы қол қойған Заң шеңберінде азаматтарға нормативтік құқықтық актілерді «Ашық нормативтік құқықтық актілердің» порталында талқылау мүмкіндігі ұсынылды. Жергілікті мемлекеттік басқару органдарының нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің орталықтандырылған форматына көшті. 658 халықаралық шарт жобасына, оның ішінде, экономикалық интеграция мәселелері бойынша 122 жобаға сараптама жүргізілді, - деді вице-министр.