2026 жылы 234 852 қазақстандық автокөлік сатып алған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Қазақстан Автокөлік одағының президенті Анар Мақашева мәлімдеді.
Одақ басшысы 2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөліктер туралы айтты.
Осы уақытқа дейін елдегі автокөліктер саны 5,9 млн бірлікті құрады: 399,5 мыңы – 3 жылға дейінгі, 1 млн – 3–7 жыл аралығындағы, 606,6 мыңы – 7–10 жыл аралығындағы, 1,4 млн – 10–20 жыл аралығындағы, 2,4 млн – 20 жылдан асқан автокөліктер. Бұл Қазақстанда қолданыстағы автопаркті жаңартуға үлкен мүмкіндік бар екенін көрсетеді, - деп атап өтті Анар Мақашева.
Сонымен қатар ол алда Қазақстандағы автопаркті кезең-кезеңімен жаңартуды қарастырып отырғандарын алға тартты.
Қазақстан Автокөлік одағы
2024 жылдан 2025 жылға дейін сатылым көлемі 15%-ға өсті. Атап айтқанда, 2025 жылы 234,9 мың автокөлік сатылған. Ал 2024 жылы бұл көрсеткіш 205,1 мың болған. Жаңа автокөлік пен автокомпонент өндірісі жобаларының арқасында шамамен 5 мың адам жұмыспен қамтылуы мүмкін. 2025 жылы Қазақстанда екі жаңа жоғары технологиялық өндіріс іске қосылды. Олар – Алматыда Chery, Haval, Changan брендтері шығарылатын мультибрендті зауыт және Қостанайда орналасқан Kia Qazaqstan зауыты өндірісті бастады, - деді Одақ президенті.