ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті баспасөз қызметі "Бұйратау" ұлттық паркіндегі өртке қатысты соңғы мәліметті таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Құрғақ шөпті өсімдіктердің өртенуі 2 тамыз күні сағат 15:20-да анықталды. Аталған өрт найзағай разряды салдарынан ерекше қорғалатын табиғи аумаққа өтті. Қазіргі таңда өрттің ауданы 800 га құрайды, оның ішінде орманмен көмкерілген алаң – 1 га. Оны сөндіруге 76 адам, сондай-ақ 19 бірлік техника жұмылдырылды. Өртті ауыздықтауғы биік құрғақ шөптер, қатты жел мен түтін қиындатты, - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, өрт 2 тамыз күні сағат 19-да оқшауланған болатын. Толық жою жұмыстары жалғасуда.