БҰҰ: Жиырма күнде 1 млн-ға жуық палестиналық Рафахтан кетті

29 Мамыр 2024, 06:17
529
Бөлісу:
БҰҰ: Жиырма күнде 1 млн-ға жуық палестиналық Рафахтан кетті
Фото: aa.com.tr

Соңғы үш аптада Газа секторының оңтүстігіндегі Рафахтан 1 млн-ға жуық палестиналық кетуге мәжбүр болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Anadolu агенттігі таратқан ақпаратқа сәйкес, бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Палестиналық босқындарға көмек көрсету және жұмыс жөніндегі агенттігінің әлеуметтік желіге жарияланған хабарламасында айтылған.

Барар жері жоқ палестиналықтар эксклавта қауіпсіз орын болмағандықтан Израильдің толассыз жасалып жатқан шабуылдарынан баспана іздеуне мәжбүр. Оның үстіне, күн артқан сайын азық-түлік пен ауызсу жеткіліксіздігі үдеп барады. Газа секторындағы палестиналықтарға көмек көрсету мен қорған болу мүмкін болмай бара жатыр, - делінген хабарламада.

Бұған дейін, 7 мамырда Израиль әскері эксклавтың Мысырмен шекарадағы"Рафах" бақылау-өткізу пунктінің палестиналық бөлігіне бақылау орнататынын мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы