БҰҰ жасанды интеллект қаупін талқылайды

17 Шілде 2023, 21:07
681
Бөлісу:
БҰҰ жасанды интеллект қаупін талқылайды
Фото: Хабар24

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі алғаш рет жасанды интеллектпен байланысты мәселелерге арналған отырыс өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Жиында одан төнген қауіп-қатерлер талқыланбақ. Мәселені қарауды Ұлыбритания ұсынды. Лондон жасанды интеллект бақыланбаса, жаһандық экономика мен халықаралық қауіпсіздікке кері әсері болуы мүмкін деп пайымдайды. 

Әсіресе ядролық қаруға байланысты алаңдаушылық басым. Әлемде жасанды интеллект былтырдан бастап қарыштап дами бастады. БҰҰ Бас хатшысы оны қадағалайтын арнайы орган құруды ұсынып отыр.

Өзгелердің жаңалығы