Қазақстанның соңғы жаңалықтары

БҰҰ: Суданда 21,2 миллион адам қатты аштыққа ұшырап отыр

28 Қараша 2025, 10:05
386
Бөлісу:
 Anadolu Agancy
Фото: Anadolu Agancy

Біріккен Ұлттар Ұйымы Суданда армия мен Жедел әрекет ету күштері (HDK) арасындағы үш жылға жуық уақыт бойы жалғасып келе жатқан қақтығыс салдарынан 21,2 миллион адам қатты аштық жағдайында қалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

БҰҰ бұл мәселеге қатысты баяндамасын америкалық X әлеуметтік желісінде жариялады.

Баяндамада үш жылға созылған қақтығыстардың салдарынан 21,2 миллион адамның өткір аштыққа тап болғаны айтылған.

Екі өңірде аштық расталды. Ал қақтығыс бәсеңдеген аймақтарда БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасына (WFP) қолжетімділік кеңейіп, аштық деңгейі азайды, - деп көрсетілген.

2023 жылдың 15 сәуірінен бастап Суданда армия мен шетелден қолдау алатын Жедел әрекет ету күштері арасында қақтығыс күшейген.

Елдің батысындағы ең ірі қала – Фашир ауыр шайқастардан кейін Жедел әрекет ету күштерінің бақылауына өтті.

Ондаған мың адам қақтығыс салдарынан қашып кеткен қалада Жедел әрекет ету күштері бейбіт тұрғындарды күштеп көшіріп, көптеген қолында қаруы жоқ адамды өлтіріп, азаптаған. Бұл әрекеттердің бір бөлігі ол топтың мүшелері жариялаған видеоларда анық көрінеді.

Өзгелердің жаңалығы