БҰҰ өкілдері Башар Асад пен Сирияның жоғары лауазымды шенеуніктерін жауапқа тартуға шақырып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ 24kz-ке сілтеме жасап.
Өйткені олар адам құқықтарын бұзды, - дейді БҰҰ өкілдері.
Халықаралық ұйымның дерегі бойынша 2011 жылы қарулы қақтығыс басталғалы Араб республикасында 100 мыңнан аса адам ізім-ғайым жоғалып кеткен.
Енді жаңа билік келгенде кінәлілерді жауапқа тартумен айналысу керек, - дейді мамандар.
Бұл мәселені Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымы да көтеріп отыр. Олар Араб республикасында адам құқықтарының бұзылуынан зардап шеккендерге көмек көрсетуге шақырды.