БҰҰ өкілі халықаралық аренадағы Қазақстанның рөлі туралы айтты

21 Ақпан 2023, 21:03
1015
Бөлісу:
БҰҰ өкілі халықаралық аренадағы Қазақстанның рөлі туралы айтты
Фото: дереккөз

Енді БҰҰ Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісінің кеңсесі еліміздегі мемлекеттік институттарды нығайту, адам құқықтарын қорғау мәселелеріне баса назар аударатын болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында өткен кездесу барысында БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори айтып берді.

БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори «БҰҰ-ның Қазақстандағы Елдік командасының қызметіне шолу: негізгі бағыттары мен даму перспективалары» тақырыбында дәріс оқыды. Академияның магистранттары мен докторанттарына, қызметкерлеріне еліміздің тұрақты даму саласындағы күш-жігері және оның халықаралық аренадағы рөлі туралы айтты. Микаэла Фриберг-Сторидің сөзінше, БҰҰ Қазақстан Үкіметімен, азаматтық қоғаммен бірлесе отырып, басты назар аударатын 3 негізгі бағытты айқындаған.

БҰҰ өкілі халықаралық аренадағы Қазақстанның рөлі туралы айтты

Біріншіден, әрбір жеке тұлғаның болашағы үшін қажетті білім алуға, дағдыларды меңгеруге мүмкіндік жасауға басты назар аударамыз. Бұған білім берумен қатар кәсіпкер әйелдерді оқыту мәселесі де кіреді. Екіншіден, мемлекеттік институттарды нығайтуға, адам құқықтарын қорғауға баса назар аудару маңызды. Түйткілді мәселелерін шешуде адамдардың мемлекеттік қызметкерлермен дұрыс байланыс орнатуы да маңызды мәселе. Сонымен қатар түрлі мекемелердің, жергілікті атқарушы органдардың кәсіби деңгейін арттыру – басты бағытымыздың бірі. Үшіншіден, тұрақты экономикалық өсім мен климаттың өзгеруі мәселелерін шешуге қолдау көрсетеміз, – деп түсіндірді Фриберг-Стори. 

Мемлекеттік қызметшілермен кездесуге БҰҰ-ның Тұрақты үйлестірушісі кеңсесінің өкілдер қатысты.  Олардың ішінде RCO Kazakhstan тобының жетекшісі Куртмолла Абдулганиев, RCO Kazakhstan серіктестік қарым-қатынасты дамыту жөніндегі координаторы Дина Хасенова да бар.

Өзгелердің жаңалығы