БҰҰ өкілдері еліміздің дін саласындағы саясатын талқылады

27 Қазан 2021, 21:20
58802
Бөлісу:
БҰҰ өкілдері еліміздің дін саласындағы саясатын талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚДМ Дін істері комитетінің төраға орынбасары Бауыржан Бәкіров БҰҰ Контртерроризм басқармасының (БҰҰ КТБ) өңірлік үйлестірушісі Мурад Тангиевпен кездесті.

М.Тангиев зорлық-зомбылық экстремизм мен терроризм көріністерімен күрес саласындағы БҰҰ КТБ жұмысы, сонымен бірге терроризм мен зорлық-зомбылық экстремизммен күрес мәселелерін үйлестіру бойынша Орталық Азия елдеріндегі БҰҰ КТБ жүргізетін жобалары жайында мәлімдеді.

Өз кезегінде, Б.Бәкіров АҚДМ ДІК дін саласындағы мемлекеттік саясат туралы, заңнама және экстремизм мен терроризмге қарсы күрес бойынша мемлекеттік бағдарламалар, сонымен қатар «Жусан» операциясы бойынша террористік белсенді аймақтардан қайтарылған азаматтарды оңалту және қайта интеграциялаудың қазіргі ахуалы жайлы баяндады.

Тараптар жұмыс байланыстарын және діни экстремизмнің алдын алу саласындағы ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.

Өзгелердің жаңалығы