БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі Газада гуманитарлық үзіліс жариялап, қауіпсіз дәліз құру туралы қарар қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Мальта дайындаған құжатты Кеңестің 12 мүшесі қолдап дауыс берді. АҚШ, Ұлыбритания және Ресей қалыс қалды.
Бұл Қауіпсіздік Кеңсінің Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты бесінші мәрте бас қосуы. Ал аймақта қарулы қақтығыс жалғасқанына 1 айдан асты. Израиль күштері Газа секторын қоршауға алып, ХАМАС қозғалысына қарсы операция жүргізіп жатыр.
Алайда өңірде әскери қимылдардан бейбіт халық көп жапа шегуде. Мәліметке қарағанда Израиль күштерінің бомбалауынан қазірге дейін 11 мыңнан аса палестиналық қаза тауып, ондаған мың адам жараланған.