Қазақстанның соңғы жаңалықтары

БҰҰ: Газа секторында нысандар әлі де шабуылға ұшырап жатыр

29 Қараша 2025, 16:47
296
Бөлісу:
 Anadolu Agency
Фото: Anadolu Agency

Газа секторында атысты тоқтату жөніндегі келісім күшіне енгенімен, БҰҰ қызметкерлері мен ұйымға тиесілі нысандарға шабуылдар жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасының (БҰҰ УКГВ) ресми өкілі Йенс Ларке «Анадолу» агенттігіне мәлімдеді. Агенттік тілшісі Израиль әскерінің шабуылдары атысты тоқтату режимін бұзып-бұзбайтынын және оның гуманитарлық миссияларға кедергі келтіріп жатпағанын сұраған.

Атысты тоқтату туралы келісім жасалғаннан кейін де, Газа секторындағы БҰҰ персоналы мен нысандарына шабуылдар жалғасып отыр, — деді Ларке. 

Оның айтуынша, 24 қараша күні Джебалия ауданында Палестина босқындарына көмек көрсету жөніндегі БҰҰ агенттігіне (БАПОР) тиесілі мектеп ауласына Израиль тікұшағы соққы берген.

БҰҰ өкілінің сөзінше, 25 қарашада Дейр-эль-Балах қаласында БҰҰ-ның жобалар қызметін атқаратын UNOPS мекемесінің қызметкерлеріне қарулы топтар тарапынан оқ атылған. Екі оқиғада да зардап шеккендер жоқ.

Ларке халықаралық гуманитарлық құқыққа сәйкес гуманитарлық қызметкерлер, бейбіт тұрғындар, жүк керуендері, инфрақұрылым және гуманитарлық көмекке қатысы бар нысандар әрдайым қорғалу керектігін еске салды.

Мұндай шабуылдар БҰҰ қызметкерлерінің, біздің серіктес үкіметтік емес ұйымдардың және көмегімізге мұқтаж адамдардың өміріне үлкен қауіп төндіреді. Сонымен қатар бұл жедел әрекет ету мен көмек жеткізу жұмысын одан әрі қиындатады. Біз барлық тарапты бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, гуманитарлық көмектің кедергісіз жеткізілуіне жағдай жасауға шақырамыз, — деді ол.

БҰҰ және оның серіктестері барлық тәуекелдерге қарамастан, Газа тұрғындарына қажетті жедел гуманитарлық жүктерді жеткізуді жалғастырып жатыр, — деді Ларке.

Өзгелердің жаңалығы