БҰҰ әлем елдерін халық санын реттеуден бас тартуға шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Себебі, дүниежүзінде көптеген мемлекет бала тууды бақылайды. Мысалы, дүниежүзінің 70-ге жуық елінде әйелдердің 44 пайызы бала көтеру мәселесін еркін жоспарлай алмайды екен.
Ал жер шарындағы халықтың үштен екісі, бала туу көрсеткіші төмен елдерде, өмір сүретін көрінеді.
Сарапшылар соңғы 70 жылда бала туу едәуір азайып кеткенін айтады. 1950-ші жылы әр әйелге 5 баладан келсе, қазір 2 баладан келеді.