Бұрынғы UFC чемпионы Рахмонов — Гэрри жекпе-жегіне болжам жасады

Бүгiн, 14:43
119
Бөлісу:
Бұрынғы UFC чемпионы Рахмонов — Гэрри жекпе-жегіне болжам жасады
Фото: ©UFC

Бұрынғы UFC чемпионы, қазір комментатор әрі сарапшы Майкл Биспинг қазақстандық Шавкат Рахмонов (18-0) мен жеңіліп көрмеген ирландиялық Иэн Гэрри (15-0) арасындағы жекпе-жекке болжам жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Иэн Гэрри бұл жекпе-жектегі стратегиясын мұқият ойластыруы керек. Оның бес раундтық жекпе-жекке тамаша геймпланы болғаны жөн. Өйткені Шавкат әрқашан қарсыласын мерзімінен бұрын жеңудің жолын табады. Бұл жолы да ол белгілі бір сәтті пайдаланып, жеңіске жетуге тырысады. Ол Гэрриді қылқындыру әдісімен арқылы жеңіп, келер жылдың басында Белал Мухаммедпен кездеседі, - деді Биспинг.

Айта кетейік, Шавкат Рохманов пен Иэн Гэрри арасындағы жекпе-жек 7 желтоқсанда өтеді деп жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы