Бұрынғы қорғаныс министрі Арыстағы жарылысқа байланысты Қарулы күштер жүйесінен шығарылды

7 Тамыз 2019, 17:31
3000
Бөлісу:
Бұрынғы қорғаныс министрі Арыстағы жарылысқа байланысты Қарулы күштер жүйесінен шығарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сондай-ақ, бірқатар лауазымды қызметкерге қатаң сөгіс жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының Өкімімен өзіне жүктелген міндеттерді тиісті деңгейде орындамағаны және қару-жарақ пен оқ-дәрілердің қауіпсіздігін және сақталуын қамтамасыз ету жұмысындағы, Қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтау объектілерін көшіру және орналастыру бағдарламасын іске асыру кезіндегі елеулі кемшіліктері, соның салдарынан Арыс қаласында орналасқан әскери бөлімшедегі қару-жарақтың жарылуына және қалада адам шығынына ұшыратқан ауқымды апатқа жол бергені үшін:

1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі болып қызмет атқарған Сәкен Әділханұлы Жасұзақов Қазақстан Республикасының Қарулы күштері жүйесінен шығарылды.

2. Келесі лауазымды қызметкерлерге:

Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабының бастығы Мұрат Кәрібайұлы Бектановқа;

Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабының бастығы болып қызмет атқарған Мұрат Жәлелұлы Майкеевке;

Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары болып қызмет атқарған Талғат Жеңісұлы Жанжүменовке қатаң сөгіс жарияланды.

Өзгелердің жаңалығы