Оңтүстік Кореяның экс-президентінің қызы алаяқтық үшін қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Yonhap News агенттігіне сілтеме жасап.
Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Мун Чжэ Иннің қызы Мун Да Хе алаяқтық жасады деген күдікпен тергеуге алынды. Бұл туралы Сеулдің Содэмун аудандық полиция бөлімі мәлімдеді.

Мун Да Хе 2022 жылдың желтоқсанында өзі басқарған галереяда қайырымдылық аукционын өткізіп, 30-ға жуық суретшіден туындылар жинап, түскен қаржыны қайырымдылыққа жұмсайтынын айтқан. Алайда, 2024 жылдың қазан айында полицияға бұл қаражаттың тиісті ұйымға жетпегені туралы шағым түскен.
Қазір полиция Мунның және аукцион жеңімпаздарының банк шоттарын тексеріп жатыр.
Сонымен қатар, Мун Да Хеге 2024 жылғы 17 сәуірде мас күйінде көлік жүргізгені және Airbnb-де заңсыз қызметпен айналысқаны үшін 15 миллион вон (шамамен 10 810 АҚШ доллары) көлемінде айыппұл салынған.