Бұрынғы Мәжіліс депутаты Зүлфия Сүлейменова жаңа қызметке тағайындалды

14 Наурыз 2022, 16:37
2099
Бөлісу:
Бұрынғы Мәжіліс депутаты Зүлфия Сүлейменова жаңа қызметке тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үкімет қаулысымен Зүлфия Сүлейменова Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Премьер-vинистрдің баспасөз қызметі хабарлады. 

Зүлфия Сүлейменова 1990 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген.

Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2014 жылы Жаһандық саясат және қауіпсіздік орталығының өңірлік және жаһандық қауіпсіздік бөлімінің ғылыми қызметкері болып бастады.

2020-2021 жылдары — Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде басшылық қызметтер атқарған.

2021 жылғы қаңтардан бастап осы уақытқа дейін VII сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.

Өзгелердің жаңалығы