Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты AMANAT партиясының экс-депутаты және Ақсу ауданы әкімі аппаратының бұрынғы басшысы Серікқан Жақыповтың ісі бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ауыр айыптау және сот үкімі
Серікқан Жақыпов пен Ақсу аудандық әкімі аппаратының бұрынғы басшысы өткен жылдың жазында қамауға алынған. Шенеуніктің туысқаны оның 7 жасар баласын зорлады деп айыптап, құқық қорғау органдарына арызданған. Тергеу барысында жүргізілген сараптама қорытындысы бұл айыптауды растады.
Судья Бахыт Ермаханов экс-депутатты кінәлі деп танып, оны өмір бойына бас бостандығынан айырды.