Қазақстанның бұрынғы бас көлік прокуроры, халықаралық іздеуде болған Мақсат Дүйсенов Германияда ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі 23 қыркүйекте хабарлады.
ҚР ІІМ Интерпол ҰҚБ сұрауы бойынша Германияның Фюрт қаласында халықаралық іздеуде жүрген азамат Д. ұсталды. Іздестірілген тұлға неміс құқық қорғау органдары тарапынан Интерпол желісі бойынша халықаралық ынтымақтастық аясында анықталып, қамауға алынды, - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Бұған дейін Мақсат Дүйсеновке іздеу салынған еді. Бұл туралы 2025 жылғы 1 қыркүйекте ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланды.
Мақсат Дүйсенов ҚР бас көлік прокуроры қызметін 2018 жылғы тамыздан 2019 жылғы сәуірге дейін атқарған.