Бұрынғы әкім 500 мың теңге үшін 3 жарым жылға сотталды

Абай облысында ауылдық округтің бұрынғы әкімі бюджет қаражатын жымқыру фактісі үшін 3 жарым жылға сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 Арман Мухатов  - архив 27 Қараша 2025 2025, 12:10
27 Қараша 2025 2025, 12:10
1196
Фото: - архив

Абай облысында ауылдық округтің бұрынғы әкімі бюджет қаражатын жымқыру фактісі үшін 3 жарым жылға сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Үржар ауданы прокуратурасы ауылдық округтің бұрынғы әкімі қоғамдық жұмыстарға бөлінген 500 мың теңгеден астам қаражатты жымқырғанын анықтады.

Соттың үкімімен бұрынғы әкім ҚК-нің 190-бабымен (алаяқтық) мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды, - деп хабарлады Абай облысы прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Үкім заңды күшіне енді. Мемлекетке келтірілген залал толық өтелді.

Еске салайық, бұған дейін мұғалімді балағаттаған оқушының анасына айыппұл салынған болатын. 

Наверх