Ертең, 20 қыркүйекте Қазақстанның 16 облысында найзағай, қатты жаңбыр, бұршақ пен өрт қаупіне байланысты дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жетісу облысында күндіз солтүстік-батыс желі күшейіп, шығысы мен солтүстігінде екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Өңірдің солтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде найзағай болжануда. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі бар.
Маңғыстау облысының оңтүстігі мен орталығында найзағай күтіледі. Желдің екпіні 15–20 м/с. Өңірдің оңтүстігінде өрт қаупі жоғары, солтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында төтенше деңгейде.
Жамбыл облысында таулы аймақтарда желдің күші 20 м/с-қа дейін жетеді. Өңірдің батысы, солтүстігі мен орталығында төтенше өрт қаупі бар.
Павлодар облысында күндіз найзағай мен бұршақ болжануда. Солтүстіктен соққан желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді.
Ақтөбе облысының солтүстігінде өрт қаупі жоғары, ал батысы мен орталығында төтенше деңгейде.
Қарағанды облысында түнде және таңертең тұман күтіледі, ал солтүстігі мен шығысында найзағай болады. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысында түнде кей жерлерде 1°С аяз болжанған. Шығысында тұман күтіледі, оңтүстігінде өрт қаупі төтенше.
Ақмола облысында түнде және таңертең батысы мен шығысында тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ пен дауыл күтіледі. Желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді.
Абай облысында күндіз бұршақ жауып, дауыл соғады. Семейде найзағай болжанған. Желдің екпіні 20 м/с.
Алматы облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Желдің күші 20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Солтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.
Түркістан облысында шығыс жел соғады. Шымкент пен Түркістан қалаларында төтенше өрт қаупі сақталуда.
Қызылорда облысында шаңды дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с. Қызылорда қаласында да шаңды дауыл болжануда.
Қостанай облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.
Батыс Қазақстан облысының батысы, оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.