Ақмола облысы, Бурабай, BAQ.KZ тілшісі. Осы жолы Burabike fest спорттық, музыкалық және қайырымдылық фестиваль ретінде өткізілуде.
Сонымен қатар, фестиваль алғаш рет екі күн бойы өтуде. Ал қатысушылар саны 3,5 мың адамды құрады."Алғашқы жылы қайырымдылық шарасына қатысуға 113 адам тіркелсе, оның 50 велошеруге қатысты. Ал бүгін шеруге қатысушылар саны 1400-ге жетті. Мен Болат Өтемұратов қорының Қамқоршылар кеңесіндемін, сіздердің қажыларыңыздың мақсатты жұмсалып отырғанына кепілдік беремін. Фестивальдің алғашқы күнінде біздің велосипед аукционнан 15 млн теңгеге сатылды. Игі іске әрқашан бірге атсалысайық" - деді Александр Винакуров.
Биылғы фестивальдің қатысушыларының қатарында отбасымен қатысып жатқандар өте көп болды.
"Мен осы жолы алғаш рет қатысып отырмын. Жасым сегізде. Бүгін менің әкем де қатысып отыр. Біз отбасымызбен қайырымдылық шарасына өз үлесімізді қосайық деп шештік. Менің білуімше, бұл қайырымдылық шарасы аясында жиналған қаржы мұқтаж жандардың қажеттілігіне жұмсалады. Жасымның кішкентай болғанына қарамастан, менің де көмегімнің тиетініне қуаныштымын", - деді кішкентай қатысушы Артем.
Айта кетейік, 2013 жылдан бері өз бастауын алған қайырымдылық шарасы аясында бүгінге дейін шамамен 700 млн теңге қаржы жиналды.