Әлеуметтік желілерде бүгін Бурабайда жер сілкінісі болғаны туралы хабарлама тарап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Онда Бурабай кентіне жақын маңда сағат 14:00 шамасында 5 балдық жер сілкінісі болғаны көрсетілген.
Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі осы жайтқа қатысты түсініктеме берді.
Сағат 13.57-де Earthquak қосымшасында Ақмола облысында Бурабай ауылының маңында болған жер сілкінісі туралы ақпарат жарияланды. Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы аталған аумақта жер сілкінісі болғанын растамайды, - делінген ведомство хабарламасында.
Еске сала кетейік, 23 қаңтар күні 00 сағат 09 минутта Алматыда жер сілкінді. Жер сілкінісі Алматыда 5 балл деңгейінде сезілген. Тұрғындар үрейленіп, үйлерін тастап, далаға шығып кеткен.