Бурабайда тауға шыққан ер адам сырқаттанып, құтқарушылардың көмегіне жүгінді

Өзін жайсыз сезінген ер адамды құтқарушылар таудан түсіріп, жедел жәрдемге тапсырды.

 ҚР ТЖМ 25 Қазан 2026, 18:52
25 Қазан 2026, 18:52
211
Фото: ҚР ТЖМ

Бурабайда өзін жайсыз сезінген ер адам Бөлектауынан өздігінен түсе алмай қалған. Құтқарушылар оған таудың етегіне түсуге көмектесіп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

1982 жылы туған ер адам шамамен 350 метр биіктікте болған. Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағының қызметкерлері оған жетіп, таудан түсуіне көмектескеннен кейін медицина мамандарына тапсырды.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамға транзиторлық ишемиялық шабуыл диагнозы қойылған, – деп мәлімдеді ведомство.

Төтенше жағдайлар министрлігі тауға шығар алдында өз мүмкіндігіңізді бағалап, қауіпсіз бағытты таңдаудың маңызды екенін еске салды.

Наверх