Бурабайда судағы қауіпсіздікті бұзғандарға айыппұл салынды

1 Шілде 2024, 06:14
413
Бөлісу:
Бурабайда судағы қауіпсіздікті бұзғандарға айыппұл салынды
Фото: BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері Бурабай көлінде түнгі рейдтік іс-шаралар өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ведомство мәліметінше, су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзған адамдарға ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша айыппұл салынды.

Сонымен қатар рейдтер жүргізу кезінде шомылушыларды анықтау үшін тепловизоры бар ҰҰА және хабарлау үшін дауыс зорайтқыш қолданылады.

ТЖМ барлық азаматтарды суда жүріс-тұрыс ережелерін сақтауға шақырады.

Өзгелердің жаңалығы