Бурабайда құтқарушылар жарақат алған әйелді эвакуациялады

 18 Тамыз 2024 2024, 18:33
18 Тамыз 2024 2024, 18:33
931

Бүгін 1958 жылы туған әйел Көкшетау тауына көтеріліп, аяғынан жарақат алып, өздігінен түсе алмады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Зардап шеккенге медициналық көмек көрсетіліп, ол таудың етегіне зембілмен түсіріліп, жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне табысталды. 

Наверх